Жексенбі, Мамыр 28 2023

Алапат өрттен 500-ден астам үй жанып кетті

Чилидің Винья-дель-Мар қаласында алапат өрт болып, төтенше жағдай жарияланған. Өрт салдарынан 500-ден астам үй жанып кетті, деп хабарлайды taulik.kz RBC сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өрттен кем дегенде 2 адам қаза тапқан. Жалынды ауыздықтауға 11 өрт сөндіру бригадасы мен 9 тікұшақ және 2 ұшақ жұмылдырылған.

Өрт алдымен тау бөктеріндегі орманды алқаптан басталып, желдің күшімен қалаға қарай ығысқан. Өртеніп кеткен үйлер негізінен қала төңірегіне шоғырланған, тұрмысы төмен отбасылардың ағаштан салынған үйлері екен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button