Жұма, Маусым 9 2023

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 28 ақпан-2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды taulik.kz.

Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауып, ауа температурасы жоғарылайды.

Алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон ықпалынан жауын-шашын мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран соғып, қатты жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында еліміздің шығысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, – делінген хабарламада.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін.

Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында 3-5 градус жылы, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жоғарылайды, тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0-10 аязға дейін біртіндеп төмендейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button