Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Алматы-2 вокзалынан өрт шықты

29 қарашада Алматы-2 вокзалынан өрт шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 14:08-де Алматы қаласы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.

«100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button