Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Алматы облысының судьясы пара алды деген күдікпен тергеуге алынды

Алматы облысының судьясы мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр деп хабарлады Taulik.kz сайты  turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.
«Олар салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Ведомство өзге ақпаратты жариялауға заң бойынша тыйым салынатынын мәлімдеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button