Бейсенбі, Маусым 8 2023

«Алматы-Семей» тасжолында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Абай облысының Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталған.

«Тінту кезінде ер адамның оң аяғындағы шұлығынан ұнтаққа ұқсас ақ түсті зат салынған зип-пакет табылды. Сондай-ақ көлікті тексеру кезінде артқы орындықта жатқан жол сөмкесінен дәл осындай зат салынған 2 орама тәркіленді», – деді полиция департаменті.

Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы шамамен 400 грамм болатын «A-PVP» психотроптық затының аналогы болып шықты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясында 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button