Сейсенбі, Наурыз 21 2023

Алматыда аяғы ауыр келіншек 8-ші қабаттан секіріп кетті

Алматыда аяғы ауыр келіншек 8-ші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Қайтыс болған келіншек 2000 жылғы екені анықталды.

Келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болды делінген.

Алматы қалалық полиция департаменті сот-медициналық сараптама жүргізілетін хабарлады.

«Бұл фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Салтанат Әзірбек.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button