
Алматы қалалық мобилділік басқармасы мереке күндері қалада қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін хабарлады.
31 желтоқсан күні қоғамдық көлік әдеттегідей сағ.06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 1 қаңтар күні жылжымалы бірліктің 50%-ы жолға шығарылады.
2,3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70%-ы қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағ.23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағ.00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.
Алматы метрополитені штаттық режимде сағ.06:20-дан сағ. 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен қызмет көрсететін болады.