Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Алматыда әкесі 9 жасар қызын өлтіріп, өгей ұлын жаралады

Алматыда әкесі 9 жасар қызын пышақтап өлтіріп, өгей ұлын жаралады, деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бостандық ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, 9-жасар баланы өлтірді деген күдікпен 1979 жылы туған оның әкесі ұсталды», – деді полиция.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің 2007 жылы туған өгей ұлын пышақтап кеткенін айтты.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button