
Instagram әлеуметтік желісінде есін жоғалтқан зейнеткердің суреті тарап жатыр. Қазір ол Алматыда жүр, – деп хабарлайды Taulik.kz inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Зейнеткер көрсеткен жеке куәлік Хасенов Есентай Шәмшиұлы атына берілген. Қарияның есінде қалған жалғыз ақпарат: ол Каспий теңізі маңында тұрады.
«Бәріңе сәлем. Ата үй маңында жүр, дәл жолдың бойында. Есін жоғалтқан, Каспий теңізі маңында тұратынын айтады. Сау. Репост жасап жіберсеңіздер, өтініш», – дейді жазба авторы.
«Алматыда. Сыртта өте суық, өте. Біреудің атасы жоғалып кетіпті. Табуға көмектесейікші», – дейді тағы бір қолданушы.
Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановты жұрт әлеуметтік желіде атаның туыстарын іздеуге көмектесуін сұрап белгілеп жатыр.
Taulik.kz