Жұма, Маусым 9 2023

Алматыда «олигархтың балалары» арасында төбелес тергеліп жатыр

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Taulik.kz  ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес талқыланған видео пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, төбелеске себепші болғандар Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.

Алматыда «олигархтың балалары» арасында төбелес тергеліп жатыр

Бейнеден скриншот

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді полиция өкілдері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button