Сенбі, Наурыз 25 2023

АҚШ Австралияға 6 ядролық қару тасымалдайтын ұшақтарын орналастырады

Австралиялық ABC телеарнасы мәлім еткендей, АҚШ Австралияның солтүстігіне ядролық қару тасымалдайтын алты B-52 бомбалаушы ұшағын орналастыруды жоспарлап отыр.

Нақтырақ айтқанда, олар ұшақтарды Вашингтонға орналастыруды ұсынған.

Дарвин қаласының оңтүстігінде орналасқан Тиндалл авиабазасына арнайы нысан салуға ниет білдірген.

«Егер біз Австралия жеріне АҚШ Әскери-әуе күштерінің бомбалаушы ұшақтарын орналастыратын болсақ, біз қарсыластарымызды қорқыта алатындай сигнал жібереміз», – деді АҚШ Әуе күштерінің өкілі.

Телеарнаның мәліметінше, Тиндалл базасын кеңейту 100 миллион долларға дейін жетеді. Жоспарға сәйкес, қажетті нысандардың құрылысы 2026 жылдың соңында аяқталады.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button