
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты барлық шахтаның жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
«Қазіргі кезде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ға қарасты барлық шахтаның жұмысы тоқтатылды. Бір тәуліктің ішінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, учаскелер тексеріледі. Сондай-ақ шахтаға түсетін жұмысшылардан сынақ қабылданады», – деді Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Taulik.kz