
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов баяндады.
«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған», – деп мәлім етті Зұлфұхар Жолдасов.
Taulik.kz