Жұма, Наурыз 31 2023

Астана қаласына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін

Қазіргі Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы yedilovonline telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалады. Ол 2019 жылдың қыркүйегінен бері Қарағанды облысы әкімінің қызметін атқарады», – делінген ақпаратта.

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «экономист-менеджер» мамандығы бойынша білім алады.

Еңбек жолын Алматыдағы «Темірбанк» ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button