
Астанада екінші ауысымда оқитын студенттер қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Елорданың білім басқармасы екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін оффлайн форматтағы сабақтардың тоқтатылатынын хабарлады.
«2023 жылдың 10 қаңтарында ауа-райының нашарлауына байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары мен екінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшті», – деп хабарлады білім басқармасында.
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың бірнеше өңірінде бірінші және екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды.