Жұма, Наурыз 31 2023

Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылғаны» рас па?

Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылды», деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабарлама келіп түсті. Айтуынша, электрондық поштаға сағат 15.08-де ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келген. Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді», – делінген хабарламада.

Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button