Жексенбі, Мамыр 28 2023

Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Елордада үш көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 наурыз күні сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында үш «Тойота», «Ауди» және «Ивеко» маркалы автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған.

«Соның салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полиция департаменті.

Елордалық полиция департаменті жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button