Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Астаналық тұрғын электр энергиясының артық көрсеткішіне шағымданды

Астаналықтарға тағы да жарық үшін көтерілген шоттар келіп түскен. Мәселен,»Самұрық мұнарасы» ТК тұрғыны бір айға 45 мың теңге төлеген, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Astana TV-ға сілтеме жасап.

«Мұндай көрсеткіш қайдан шықты? Кімде осындай ? Не істеу керек?»,- деп таң қалды астаналықтар өздерінің үй чаттарында. Кейбіреулерге бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерде айына 15 мың теңгеден есептелген.

 

Астаналық тұрғын электр энергиясының артық көрсеткішіне шағымданды

Айта кету керек, елорда тұрғындары мұндай мәселемен бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Мұндай жағдайларда қайта есептеу туралы өтінішпен «Астанаэнергосбыт» компаниясына хабарласуын сұрайды. Алайда астаналықтар үшін мұндай қолайсыздықтар неден туып жатқаны белгісіз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button