Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Атаусыз: Бұрынғы McDonald's ресторандары Алматыда қайта ашылды

Алматыда бұрын McDonald’s франшизаларына тиесілі мейрамханалар атаусыз қайта ашылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Бұған дейін Қазақстандағы бұрынғы McDonald’s желісінің сайтында «Сізге ұнайтынның бәрі жақында қайта келеді» деген хабарландыру пайда болған. Маңдайшалар да «Біз ашықпыз» деген жазумен жаңартылды.

23 қаңтарда тура таңғы сағат 10:00-де Алматыда бұрын McDonald’s франшизасына тиесілі мейрамханалар есігін айқара ашты.

Атаусыз: Бұрынғы McDonald's ресторандары Алматыда қайта ашылды

Tengrinews тілшісі сол жерде  болып, мейрамхананың мәзірі елден кеткен McDonald’s-пен бірдей екенін айтты. Тағам бағасы мен олардың дәмі де айтарлықтай өзгерген жоқ. Басты жаңалық – әлемдік брендтің сәйкестендіру белгілері жойылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button