Жұма, Маусым 9 2023

Авторадиодан Инга Иманбайдың ролигі Назарбаев туралы айтқаны үшін алынып тасталды

Мәжіліс депутаттығына түсіп жатқан Инга Иманбайдың аудиоролигі эфирден қиылып қалған. Белсендінің өзі мұны экс-президент туралы айтқанымен байланыстырды, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Мен ОСК-ға радио мен теледидарға 450 мың теңге төледім. Келісім осылай болып, олар роликтер шығару керек болған. Бүгін ролик екі-үш рет шықты, бірақ кейін Авторадио қызметкері қоңырау шалып, Назарбаев туралы тұсын алып тастау керек деді», – деді Инга Иманбай.

Роликте «Назарбаевтың жеке банкіне миллиардтаған доллар бөлінді» делінген. Белсенді бұл жағдайды құқықты шектеу мен цензура деп санады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button