Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Айырбастау орындарында доллар 460 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, – деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы айырбастау пункттерінде сағат 11:30-дағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы – 460,10 теңге, сатып алу – 455,82 теңге. Еуроның сату бағамы 494,13 теңгені, сатып алу – 488,20 теңгені құрады. Ресей рублін 5,93-5,73 теңгеге сатып алуға болады.

Астананың айырбастау пункттерінде орташа сату – 458,86 теңге, сатып алу – 454,87 теңге болды. Еуро 493,13 теңгеге сатылып, 486,35 теңгеге сатып алынды. Рубль 5,97 теңгеден сатылып, 5,84 теңгеден сатып алынды.

Айта кетейік, 11-13 наурыздағы ресми валюта бағамдары:

АҚШ доллары – 445,98 теңге;
рубль – 5,87 теңге;
еуро – 471,85 теңгені құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button