Жұма, Наурыз 31 2023

Балабақшада балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытқан видеосы тарады, – деп хабарлайды Taulik.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынасы түсірілген видеодан кейін «Мәншүк» балабақшасындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.

«Тексеру қорытындысы бойынша аталған балабақшаның тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына «Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне» сәйкес жұмыстан босатылды. Балабақшаның директорына сөгіс жарияланды», – деді Бағдат Тұрғанбаева.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button