Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Бастауыш сынып мұғалімі үй тапсырмасына көңілі толмай сынып оқушыларын сабап тастады

Бұхарада бастауыш сынып мұғалімі үй тапсырмасын нашар орындағаны үшін бүкіл сыныпты дерлік сабап тастады, – деп хабарлайды Taulik.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Депутат Расул Көшербаев оқиғаның видеосын өзінің Telegram каналында жариялап, мұны феодализмге қайта оралу деп атады.

Депутат Өзбекстан Халық ағарту министрлігі мен басқа да ведомстволардан жағдайды бақылауға алуды сұрады.

Кейін мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткені белгілі болды.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button