
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Біртановтың адвокаттарының бірі Нұрлан Бейсекеев Halyq Uni тілшісіне мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Үкімді соттан 4 қараша кешке алдық. Қысқа апелляциялық шағым түсірдік. Бірақ бұл соңы емес. Тек екі қорғаушы шағым түсірді, – деді Нұрлан Бейсекеев.
Айтуынша, Елжан Біртановтың адвокаттары тағы да шағым түсіреді.
2022 жылдың 28 қазанында сот шешімімен Елжан Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасыны кесілді.
«Сот Елжан Біртановты қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігі бойынша санитарлық авиация ұшағын қолданғаны үшін кінәсіз деп таныды. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, Біртановты 5 жылға бас бостандығын шектеуге, Олжас Әбішевке 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды», – делінген сот үкімінде.
Оларға пробациялық бақылау қойылады. Сондай-ақ екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ Олжас Әбішев жазаның негізгі бөлігін өтегенше жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке жұмысқа тартылады.
Taulik.kz