Жұма, Маусым 9 2023

Darkhan Juzz-дің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Бүгін Дархан Жүнісбеков Пхукет аралында (Таиланд) болған апат салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы СІМ мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz.

«Азаматымыз мопедпен жүріп жол-көлік апатына тап болған. Консул қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста. Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүріп жатыр, – деді СІМ.

Бұған дейін белгілі қазақстандық жас әнші Darkhan Juzz-дің қайтыс болғаны туралы жазғанбыз.

Сонымен қатар ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Darkhan Juzz-дің қазасына байланысты көңіл айту жазбасын жариялаған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button