
Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалды, – деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Компания хабарына қарағанда, 27 қарашада сағат 01:20-да №11 қазанагрегат тоқтап қалған. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалды.
«Қазіргі уақытта №8 және №14 қазанагрегаттары іске қосылып жатыр. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлері қалпына келтіріледі. Қала, облыс, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.
Taulik.kz