Сенбі, Наурыз 25 2023

Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатып алып, 1 млрд шығынға батамыз - Жұманғарин

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатып алу жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатып алып, 1 млрд шығынға батамыз - Жұманғарин

«Мен ондай әңгімені естідім. Бірақ қазір мұны ЖЭО-ның жағдайына қарап зерттеу қажет. ЖЭО-ның өзіне, жылумен жабдықтау желілеріне қаншама қаражат керек. Ертең бүкіл жүктемені бюджет өзіне алып, ЖЭО-ны бір теңгеге сатып алса, ертең 1 миллиард теңге шығын болмасын», – деп жауап берді вице-премьер.

Екібастұз мәселесін бірлесіп қалпына келтіру туралы жіті айтылды.

«Бұл мәселе әлі талдау сатысында тұр. Мұнда шешім қабылдамай тұрып, оның жағдайын тексеру керек. Егер бұл мемлекетке үлкен ауыртпалық салса және іс жүзінде біз объектіні алып, иесіне сыйлық жасағандай боламыз. Сосын оған барлық қаражатты саламыз. Сондықтан, ең алдымен, жағдайды бірлесіп түзету мәселесін қарастыру қажет», – деді Серік Жұманғарин.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button