
Екібастұздағы жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаладағы кейбір нысанға жылу берілмейді, деп хабарлайды taulik.kz «Екібастұзжылуэнерго» компаниясына сілтеме жасап.
Биыл 13 ақпанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Әлия Молдағұлова көшесі, 102-де жылу желісі жоспарға сәйкес жылудан ажыратылады, – деп жазылған хабарламада.
Компания жұмысшылары ілмекті арматураны бөлшектеп, құбырды жуып-шаяды.