
Лондондық пластикалық хирург Джулиан де Сильва алтын қатынас формуласын қолданатын есептеулер нәтижесі бойынша 34 жастағы актердің бет-бейнесі мінсіз адам жүзіне 93,65 пайызға сәйкес келетінін анықтады.
«Редже-Жан Пейдж классикалық әдемі бет-әлпеті мен керемет қоңыр көздерімен жеңіске жетті. Оның ерні керемет пішінде. Төмен балл алған беттің жалғыз бөлігі мұрын болды», – деді дәрігер.
Сондай-ақ әлемдегі ең әдемі ерлердің тізімінде басқа да атақты адамдар болды. Екінші орында австралиялық актер Крис Хемсворт 93,53 пайыз жинады.
«Қара пантера» фильміндегі америкалық актер Майкл Б Джордан – 93,46 пайыз – үшінші орында.
Төртінші орында 92,3 пайызбен британдық әнші Гарри Стайлс тұр.
2022 жылдың қазан айында Де Силва әйелдер арасында осындай зерттеу жүргізді. Осылайша, актриса және Эмми сыйлығының иегері Джоди Комердің үлесі 94,52 пайыз.
Алтын қатынас – ежелгі гректер «сұлулықты өлшеу» үшін әзірлеген математикалық пропорция. Леонардо да Винчи осы қатынасты Витрувиан адамында идеалды еркек денесінің суретін жасау үшін пайдаланды.