
Елімізде өткен айда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 294 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 879 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 18 415 мәміле жасалған, деп хабарлайды taulik.kz atameken.business басылымына сілтеме жасап.
⠀
Мәміле бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалған. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-43,1%), Абай (-42,0%) және Ақмола (-41,5%) облыстарында болды.
⠀
“2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7 618-ге азайған, олар бойынша қаңтар айында барлығы 18 415 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,8%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Қаңтар айында олардың 7 586-ы ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (63,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 6 214 мәміле жасалды.”, – делінген хабарламада.