Сенбі, Наурыз 25 2023

Елордада алғашқы IT мектеп ашылды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі алғашқы IT мектеп есігін ашты. 5-11-сынып оқушыларына арналған білім мекемесі өз шәкірттерін заманауи бағытта дамытып қана қоймай, сонымен қатар ең үздік отандық және шет елдік жоғарғы оқу орындарында тәжірибеден өтуге, білім алуға мүмкіндік береді.

Елордада алғашқы IT мектеп ашылды

Оқушыларға математика, информатика, ағылшын тілі сынды бірқатар пәндерді тереңдетіп оқуытудан бөлек, программалау (Python, C++, Java), 2D-дизайна (Photoshop, Corel Draw), 3D-дизайна (3Ds Max, Maya), UX/UI Design (Figma), цифрлық сауаттылық, графикалық дизайн, робот техникасы, мобилография курстары да жүргізіледі. Білім алушылар негізгі сабақтардан бөлек IT бағытындағы жобаларға, олимпиадалар мен жәрмеңкелерге де қатыса алады. Бұл олардың ерте жастан бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашады.

Елордада алғашқы IT мектеп ашылды

«SKILLSET» – бұл тек тәрбие мен сапалы білім емес, болашаққа бағдар беретін заманауи кеңістік.

Елордада алғашқы IT мектеп ашылды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button