Сенбі, Наурыз 25 2023

Енді Ресей мектептерінде оқушылар әскерге дайындық сабағын оқиды

Ресейде мектеп бағдарламасына алғашқы әскери дайындық сабақтарын енгізу жоспарлануда. Жаңа оқу жылынан бастап жаңаша модульді іске қоспақ, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Ресей Федерациясының Білім министрлігі өкілдерінің «Известия» газетіне хабарлауынша, алғашқы әскери дайындық сабақтары мектептен тыс болады.  1 қыркүйектен бастап модуль білім беру бағдарламаларына енгізіледі.

Ресейдің білім министрі Сергей Кравцов «Әділетті Ресей – ақиқат үшін» партиясының жетекшісі Сергей Мироновтың мектеп бағдарламасына алғашқы әскери дайындық курсын енгізуді ұсынғанын атап өтті.  Бұл идеяны Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі қолдады.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button