Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды, деп хабарлайды taulik.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өмір белгілерісіз табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді», – делінген хабарамада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button