Дүйсенбі, Маусым 5 2023

Грузияда 14 минут ішінде екі бірдей жер сілкінісі болды

Грузияда 14 минут ішінде екі бірдей жер сілкінісі болды, деп хабарайды taulik.kz Айқын басылымына сілтеме жасап.

Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жерасты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14.07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан.

3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14.21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді.

Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты жер сілкінісі болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button