
Айтыскер Шалқарбай Ізбасаров Instagram парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайын мәлімдеді.
«Айтыстың реформаторы Жүрсін Ерман ағамызға амандасып және «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атануымен құттықтап шықтық. Аллаға шүкір, жағдайы жақсарып қалыпты. Жақында ем-дом алу мақсатында Еуропаға барғалы жатыр екен. Бар ғұмырын ақсүйек өнерге арнаған ағамыздың амандығын бәріміз бірге тілеп қояйық. Жолыңыз болсын, аман жүріңіз», – деп жазды айтыскер.
Taulik.kz