Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Херсон әкімшілігінен Ресейдің туы түсірілді

Украинаның Херсон облысының әкімшілік ғимаратынан Ресейдің мемлекеттік туы түсірілді. Бұл ақпаратты Херсон облысының Ресей тағайындаған «губернаторы» Владимир Сальдо растады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап.

Ол облыстық әкімшіліктің ғимаратынан Ресей туының не себепті түсірілгенін түсіндіре алмады. Алайда «губернатор» басқа мекемелерде РФ мемлекеттік туының өз орындарында тұрғанын айтты.

Қазір қолда бар мәліметке қарағанда, Ресейдің әскерлері Херсон облысындағы «эвакуация» аумағын одан әрі созып, кеңейтіп жатыр.

Херсон облысының Ресей тағайындаған «губернаторы» күштеп көшіріліп жатқан бейбіт тұрғындарды Днепр өзенінің сол жағалауында 15 шақырым аумаққа дейін орналастыратындарын айтты. Бұл шешімге Новая Каховка, Голопристанск, Олешкино, Каховка, Горнастай, Великолепетиха және Верхнегачик елді мекендерінің тұрғындары іліккен.

Сондай-ақ Николаевский Ванек елді мекенінің жергілікті тұрғындарына Норильск қаласына барып тұру ұсынылған.

Тағы айтатын бір нәрсе, жақында Ресей әскері Херсон жетім балалар үйінен сәбилерді еріксіз әкеткен болатын. Басқыншылар әскерлері өздері уақытша басып алған Симферопольдан жедел жәрдем көліктерін әкеліп, Херсон балалар үйінің 46 тәрбиеленушісін әкеткен.

Херсон облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Ярослав Янушевский 21 қазан күні облыс жерінен ресейлік оккупанттардың жастары беске толмайтын 50-ге жуық баланы жедел жәрдем көлігіне отырғызып, Қырымға алып кеткенін хабарлады.

Украина әскери командованиесінің хабарлауынша, қазір ресейлік коллаборанттар да өздерінің отбасылары мен мүліктерін алып, қаладан қашып жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button