
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Қазақстан халқын төл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады.Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті», – деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.
Канело да Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтап: «Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!» – деді «Канело».