
Қаңтар қырғынында күдікті деп ұсталып, азапталған Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Қырғызстанда жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қырғыз сайты 24.kg мәліметінше, Викрам Рузахунов азаптаудың алдын алу орталығының ізгі ниет елшісі боп тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметте Жогорку Кенеш депутаты Эльвира Сурабалдиева болған.
Пікірінше, Викрам Рузахунов – ең лайықты үміткер.
Ол Викрамның азаптауды бастан өткерген адам ретінде елде бұл құбылыспен күресетінін атап өтті.
Taulik.kz