
Қарағанды облысында анасын өлтірген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қылмыскер мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделетін болды.
«Жәбірленушілердің М.-ға қойған талаптары, соңғысының «есі дұрыс емес» деп танылуына және заң бойынша қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндет жүктелуі мүмкін тұлғаның болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды», – деді сот.
Қарағандыда 3 маусым күні сағат 00:30 шамасында созылмалы психикалық бұзылыс жағдайындағы ер адам бұзақылық ниетпен Гапеев көшесіндегі №31 үйдің ауласында тұрған бірнеше көліктің терезесін сындырған.
Сол түні сағат 03:45 шамасында ол Гапеев көшесіндегі 29-үйде анасын темір табамен өлтіріп, бірнеше жерінен пышақтаған.
«Стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ол созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады, қылмыс жасау кезінде созылмалы психикалық бұзылыс жағдайында болған, яғни оның іс жүзіндегі сипатын, іс-әрекетінің әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмаған», – деді сотта.
Taulik.kz