Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Қарағандыда екі автобус соғысып, жүргізуші көз жұмды

Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын екі автобус бір-бірімен соғысты, деп хабарлайды Taulik.kz.

№41 және №146 маршруттағы екі автобус соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасынан №41 бағдардағы автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сол сияқты 15 жолаушы мен №146 бағдардың жүргізушісі медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиға кезінде №41 автобустың іші бос болатын», – деп хабарлайды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button