
TikTok желісіндегі қызу пікірталастарға тағы бір видео себеп болды: онда 23 жастағы алматылық АҚШ-тағы өмірден көпті күтпеу керек екенін айтты.
Кейбір қазақтар басқа елде тұрып, білім алып, сол жерде жұмыс табуды армандайды. Дана Нахипова АҚШ-та магистратураға түсе алды. Алайда ол онлайн оқуын жалғастырып, Алматыға үйіне қайтуға бел буады.
Бойжеткен қайтып оралу себептері туралы өз аккаунтында видео жариялады. Ең бастысы – туыстармен бірге болу, өйткені өмір өткінші. Айтуынша, жақындарымен тек бейне немесе желі арқылы сөйлесу өте қиын.
@danawiithlove Replying to @madammelena $2500-$3000/месяц для жизни в этих штатах, советую рассмотреть другие более бюджетные штаты для учебы #рек #реки #рекомендации #fyp #fypシ #учебавсша #сша #жизньвсша
Дана басқа себептерді де атап өтті. Ол АҚШ-тың ірі қалаларында тұру өте қымбат екенін айтты.
«Үшінші нәрсе, мен өзімді қауіпсіз сезінбедім. Метрода, көшеде өзін дұрыс ұстай алмайтын жынды адамдар көп. Сондай-ақ үйсіз адамдар көп. Мен өзімді қауіпсіз сезінбедім. Мен Қазақстанда өзімді толық қауіпсіз сезінемін деп айта алмаймын, бірақ соған қарамастан мен мұнда өзімді сенімдірек және жайлы сезінемін», – деп қосты ол.