
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.