Жұма, Наурыз 31 2023

Қазақстанда 3 партияны қаржыландыруға жыл сайын 8 млрд теңге бөлінеді

«Аманат», «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясына» жыл сайын бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Қазақстанда мәжілістегі үш партияны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл сайын 8 млрд теңге (17 қараша күнгі бағам бойынша 17,4 млн доллар) қаражат бөлінеді. Бұл жөнінде қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Министр басқарушы «Аманат» партиясына 1 млрд доллар бөлінеді деген ақпаратты терістеді.

«Заңмен қабылданған белгілі бір есептеу жүйесі бар. Соған қарап қаражат бөлінеді. Жалпы алғанда үш партияға [жылына] шамамен 8 млрд теңге бөлінеді» деді Ерұлан Жамаубаев жергілікті БАҚ-қа.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button