Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Қазақстанда туристер ең көп баратын 5 мекен анықталды

Өткен жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның туристер арасында танымал 5 жерін атады, деп жазады taulik.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

5-орын: Шарын шатқалы. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.

4-орын: Баянауыл. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған.

3-орын: Көлсай көлдері. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.

2-орын: Бурабай. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Мұнда 550 мыңнан астам адам келген.

1-орын: Іле Алатауы. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button