
Алматы әуежайына Түркиядан 38 адамнан тұратын қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы тобы келді, деп хабарлайды taulik.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, арнайы операциялар күштерінің 33 қызметкері Газиантеп қаласынан Ил-76 ұшағымен отанына оралды, оның ішінде үш кинологиялық бригада және 5 апат медицинасының дәрігері бар.Оларды күтіп алу үшін Алматы әуежайына қазақстандық құтқарушылардың туыстары жиналды.
Ал мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркиядағы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға атсалысқан қазақстандық құтқарушылар отанына оралған соң марапатталатынын айтты.