Жексенбі, Мамыр 28 2023

Қазақстандықтар елорда күнінде қалай демалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елорда күні мерекесіне байланысты Үкімет қаулысын жариялады, деп хабарлайды taulik.kz.

«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын», – делінген қаулыда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл мереке күндері кезінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалып жатқаны жазылған.

Осылайша, қазақстандықтар елорда күні мерекесінде екі күн – 6, 7 шілдеде демалады.

Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін 6, 7 шілде және одан әрі сенбі, жексенбі күндері демалыс болады.

Қаулы 15 наурызға дейін ашық талқылауда болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button