Жексенбі, Мамыр 28 2023

Қазақстандықтар таза су мен 100% интернетке қашан қол жеткізеді?

«Қолжетімді интернет» және «Әр елді мекенде таза ауыз суы» деп аталатын ұлттық жоба дайындалды.

Қазақстандықтар толыққанды 100% интернетпен 2027 жылға қарай қамтамасыз етілмек. Биылдың өзінде республикалық маңызы бар қалаларда 5G – 75%, облыс орталықтарындағы қалаларда – 60% көрсеткішке жетеді деп сөз берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі.

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев  2027 жылға қарай ауылдық жердегі интернет үлесі 97 пайызға жетеді деп отыр.

«Әр елді мекенде таза ауыз суы» жобасына қатысты: халықты ресурстармен 100 пайыз қамтамасыз ету Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігіне жүктелді.

2025 жылға қарай барлық қалалық және ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button