
Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде 3 миллион долларға жуық ақша жинап берді, деп хабарлайды taulik.kz.
«Қазақстандықтардың соңғы 3 күнде жинап берген қаржысы 1 миллион 28 мың 706 доллар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде берілетін AFAD ресми есеп-шотына аударылды. Барлық көмек қаржысын қоссақ, 2 миллион 849 мың 836 АҚШ доллары құрайды. Алғыс айтамыз», – делінген Астанадағы Түркия елшілігінің хабарламасында.