Жұма, Маусым 9 2023

Қазақстанның тағы бір боксшы қызы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Бүгін, 25 қаңтарда Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қыздар арасында финал жекпе-жектері өтті.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Гүлсая Ержан таиландтық Порннипа Чутимен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 29:28, 30:27, 26:30, 27:30 және 29:28.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық боксшы Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зокировамен кездесті. 70 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Қазақстанның басқа өкілдері де турнирдің қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Олардың ішінде: Мөлдір Тойкова (50-ге дейін), Әнел Сақыш (54-ке дейін), Виктория Графеева (57-ге дейін), Шахназ Исаева (60-қа дейін), Назерке Серік (63-ке дейін), Ақнар Ищанова (66-ға дейін) және Дана Дидай (75-ке дейін) бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button