Сенбі, Сәуір 1 2023

Көлгінов азық-түлік алуға айына қанша қаражат жұмсайтынын айтты

Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Алтай Көлгінов ай сайын азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды taulik.kz.

«Біз азық-түлік алуға ай сайын шамамен 300-350 мың теңге жұмсаймыз. Жұбайым қала дүкендерінен сатып алады», – деді ол.

Сонымен қатар Көлгінов жаңа лауазымда қандай жалақы алатынын білмейтінін айтты. Дегенмен Елорданың әкімі қызметін атқарған кезінде ол айына 1,9 млн теңге көлемінде жалақы алған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button